Тері бұйымдарын таңбалау қажет

Қазақстан Республикасында пилоттық жобасы бойынша табиғи теріден жасалған үлбір бұйымдарды таңбалау іске қосылды, оның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында үлбір бұйымдарды  есепке алу, қозғалу, таралуын қамтамасыз ету болып табылады.

2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап  үшінші елдерден үлбірлі тері өнімдерді импорттау кезінде тауарларға арналған декларацияға сәйкес тері өнімдерінің «импорттық» тауар екенін көрсете отырып таңбалау қажет.

Тері өнімдерін таңбалаудың мәні тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілері (БСБ) деп белгіленеді. БСБ – бұл қатаң есептілік бланкісі элементтерімен (құралдармен) қолдан жасаудан (қорғалған полиграфиялық өнім) қамтитын  белгісіне  арналған тауарларды таңбалаумен тұжырымдалады. Бұл ретте, таңбалауға  киім заттары, бөліктері және ЕЭО (Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) елдерінің аумағында сатылымға шығатын табиғи теріден жасалған киімдердің жабдықтарына тиесілі заттар жатады.

Күзен, қарсақ, суыр, түлкі, қоян, қой терісінен және басқа да табиғи үлбірден тігілген бұйымдар таңбаланады. Табиғи үлбірден жасалған  киім заттары: (жағасы, қалтасы, жеңі сондай–ақ қолғаптар, оларды әрлеу, биялайлар) және табиғи үлбірден жасалған бас киімдер таңбалауға жатпайды, олар тек тері функциясын орындайды.

Жоғарыда көрсетілген табиғи теріден жасалған бұйымдарды  таңбалау міндеті заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өндірген кезде немесе тауарларды Қазақстан Республикасына әкелген кезде жүктеледі. Сауда залында ілініп тұрған сатуға арналған теріден жасалған бұйымдар міндетті түрде БСБ маркасымен таңбалануға тиіс екенін сатып алушы ескеруі керек. Ішікті арнайы таңбалауды БСБ белгісі  растайды, оның түпнұсқалығын және заңдылығын айқындайды. Мұндай тауарларды сатып алу кезіндегі әркім Сервистік бағдарламалық өнім «тауарларды Таңбалау» арқылы тіркеусіз екі тәсілмен анықтай алады:

– сілтемеге көшу барысында https://markirovka.gov.kz және түймесін басу барысында  БСБ таңбалау арқылы;

– мобильді қосымшасының көмегімен СПӨ тауарларды Таңбалау,  немесе бақылау нөмірінің (сәйкестендіру) белгісін қолмен енгізу арқылы.

Сатып алынған БСБ таңбалы теріден жасалған бұйымдарды сатып алу барысында, Сіз нарықты қорғауға, табылған заңсыз өнімдер көлемімен көлеңкелі экономика қысқартуға, сондай-ақ  арттыру бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға көмектесе аласыз.

Осыған орай Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлерді қалдықтарды түгендеу, тері өнімдерінің саны, сатылмаған тауарлардың санын анықтап, олар туралы хабардар етіп, БСБ маркасымен таңбалауға шақырады.

Толық ақпарат алу үшін Сіз мына телефон арқылы 8-72839-2-18-46 немесе ҚР ҚМ МКК http://kgd.gov.kz. сайтынан қарай аласыз.

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ-ның

жетекші маманы

Р. Ботпаев

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер