Жеке  тұлғалардың табыстары мен мүлектерін жалпыға бірдей декларациялау

100-нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-ші қадамына сәйкес,ҚР азаматары мен тұруға ыхтиярхаты  бар тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшуі көзделген№

Ағымдағы  жылдың 03 шілдесінде  жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қантардан 2021 жылғы 1 қантарға ауыстыруды және будан әрі кезең- кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша №  262-VI ҚРЗ» ҚР Заңы  қабылданды.

Бірінші кезеңде -2023 жылғы 1 қантардан бастап жалпыға бірдей декларациялау шеңберіндегі декларацияны:

Жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен (зайыбы):

« ҚРсайлау туралы» ҚР  Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы», «ҚР банктер және банк қызметі туралы», «сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР заңдарына сәйкес  декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші  кезеңде – 2023 жылғы 1 қантардан  бастап  мемлекеттік мекемерердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен  олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшенші кезеңде -2021 жылғы 1 қантардан  бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде  -2025 жылғы 1 қантардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Осыған байланысты  Еgov.kz «электрондық үкімет порталында», жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы алдын ала толтырылған декларацияны электронды  түрде ұсыну  үшін функционал жүзеге асырылғанын хабарлаймыз

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер