Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару.

  1. 1. Осы Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 775-бабының
    4-тармағына сәйкес әзірленді және жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару,
    сондай-ақ оларды қайтару тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы
25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»
2016 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

2) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘлМСҚ) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

3) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – МӘСҚ) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды жүргізетін, асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерiн
қоса алғанда, өздеріне әлеуметтiк аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) –дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Кодекстің 774-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлғалар;

6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МКК АЖ) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ішкі құжаттарымен реттелетін ақпараттық жүйе;

7) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

8) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

9) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекминінің ААЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйе;

10) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Әділетмині) жеке тұлғалар туралы азаматтық жай-күйін сәйкестендіру және анықтау үшін жеткілікті ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі.

 

2-тарау. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу

 

  1. Бірыңғай жиынтық төлем жалпы сомамен төленуге жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) талаптарын ескере отырып, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлеушінің бірыңғай жиынтық төлемді енгізуі арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте, көрсетілген ұйымдар осы бірыңғай жиынтық төлем осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшеріне сәйкес келмеген жағдайда оны қабылдамайды.

  1. Төлеуші төлеуге тиіс бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері:

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін;

басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

Бұл ретте бірыңғай жиынтық төлемді төлеу кезінде «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

  1. Төлеушілер бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді дербес жүзеге асырады немесе «ММЖЖЖЖ» форматында бірыңғай жиынтық төлем төленетін күнтізбелік жылдың айын көрсете отырып, олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.

Бұл ретте, бірыңғай жиынтық төлемді күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төлеуге болады.

 

3-тарау. Бірыңғай жиынтық төлемді бөлу және аудару тәртібі

 

  1. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорацияға бірыңғай жиынтық төлемнің түскен сомасын MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен аударады.

Төлем тапсырмасының MT-102 форматы (бұдан әрі – MT-102 төлем тапсырмасы) жеке сәйкестендіру нөмірін, адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, бірыңғай жиынтық төлем төленетін кезеңді (ай, жыл), сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелетін мөлшердегі соманы қамтиды.

  1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылған төлеушілер төлеген бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) әлеуметтік төлемдерге бөлуге жатпайды және Мемлекеттік корпорация жеке табыс салығы түрінде төлеушілердің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджеттерге бюджеттік жіктеменің тиісті кодына (бұдан әрі – БЖК) сәйкес әлеуметтік төлемдердің сомасына аударады.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылған адамдар туралы мәліметтер ҚР Еңбекминінің ААЖ-ынан беріледі.

  1. Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап операциялық үш күн ішінде БЖТ сомасын бөледі және төлем тапсырмаларымен мынадай мөлшерде:

осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген БЖТ мөлшерінің
10 пайызын төлеушілердің тұрғылықты жеріне бойынша тиісті БЖК-ға сәйкес жеке табыс салығы түрінде;

осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген БЖТ мөлшерінің
20 пайызын МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түрінде;

осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген БЖТ мөлшерінің
30 пайызын міндетті зейнетақы жарналары түрінде БЖЗҚ-ға;

осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген БЖТ мөлшерінің
40 пайызын міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар түрінде ӘлМСҚ-ға аударады.

БЖТ бөлінген сомаларын Мемлекеттік корпорация «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлемді тағайындаудың тиісті кодтарымен әлеуметтік төлем түріне және жеке табыс салығына қарамастан дөңгелектемей аударады.

Әлеуметтік төлемдер бойынша электрондық төлем тапсырмаларына төлеу кезеңі көрсетілген бірыңғай жиынтық төлемдер төленетін жеке тұлғалардың тізбесі қоса беріледі.

  1. Мемлекеттік корпорация БЖТ шеңберінде күнделікті аударылған төлем тапсырмалары бойынша ҚР Еңбекминінің ААЖ-ынан жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, төлеу айын, жеке табыс салығының сомасы аударылған мемлекеттік кірістер аумақтық органдарының кодтарын (немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі), төлемдердің нөмірлерін және референстерді көрсете отырып, жеке тұлғалардың тізімін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – МКК) жібереді.
  2. Мемлекеттік корпорация БЖТ шеңберінде жеке табыс салығын бөлуді ЖТ МДҚ және мемлекеттік кірістер органдары кодтарының анықтамалығының мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік кірістер органдары кодтарының анықтамалығын жаңартуды МКК жүзеге асырады.

 

4-тарау. Бірыңғай жиынтық төлемнің қате төленген сомаларын

қайтару тәртібі

 

  1. Мемлекеттiк корпорация төлеушiге бiрыңғай жиынтық төлемнiң қате төленген сомаларын қайтаруды:

1) төлем құжатының деректемелерінде қателіктер жіберілген;

2) бiр төлем құжатында БЖТ сомасы бір ғана кезеңге және бір ғана жеке тұлғаға екі және одан көп рет аударылған;

3) MT 102 төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қателіктер жіберілген;

4) БЖТ сомасы тиісті кезең үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мөлшерге сәйкес келмеген;

5) ЖТ МДҚ-да төлеушінің тұрақты тіркелген жері болмаған;

6) ЖТ МДҚ-дағы төлеушінің тұрақты тіркелген жері бойынша тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органдары болмаған жағдайларда жүзеге асырады.

Осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда БЖТ төлеу шотына есепке алынбайды және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға БЖТ қате төленген сомалары ретінде қайтарылады.

  1. БЖТ қате төленген сомаларын қайтару үшін төлеуші, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қате төленген БЖТ-ны қайтаруға өтініш береді, оған жеке төлем құжатының не БЖТ төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
  2. Мемлекеттік корпорация төлеушінің, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші келіп түскен күннен бастап операциялық бес күн ішінде төлеушінің БЖТ аудару фактісін тексереді.

Бұл ретте, БЖТ аударылған сомалары келесі:

1) төлеушi қайтаруды талап ететiн сома төлеушiнің, МӘСҚ, ӘлМСҚ пен БЖЗҚ тұрақты тiркелген жері бойынша мемлекеттiк кірістер органдарының тиiстi бюджеттерiне аударылған сомаға сәйкес келмеген;

2) төлеушінің өтінішінде төлеушінің деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі), төлем деректемелері (төлем тапсырмасының нөмірі және (немесе) күні және (немесе) сомасы) дұрыс көрсетілмеген (не көрсетілмеген);

3) төлеуші өтінішінің нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келмеген;

4) төлеушiнiң өтiнiшiнде қайтарудың дұрыс емес себебi көрсетiлген (бiр себептен артық таңдау) жағдайларда қайтаруға жатпайды.

  1. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 13-тармағының
    екінші бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа төлеушінің, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші негізінде БЖТ сомаларын аудару фактісін тексерген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей БЖТ қате аударылған сомаларын қайтаруға дайындалған алдын ала электрондық өтінім жасайды және МКК, МӘСҚ, ӘлМСҚ пен БЖЗҚ-ға жібереді.

Алдын ала электрондық өтінімде растаушы құжаттар қоса беріле отырып, БЖТ-ның қате төленген сомаларының төлем тапсырмасының деректемелері көрсетіледі.

  1. МКК, МӘСҚ, ӘлМСҚ және БЖЗҚэлектрондық өтінім келіп түскеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға:

төлеушіге жеке табыс салығының және (немесе) әлеуметтік төлемдердің қате төленген сомаларын қайтару туралы;

төлеушiге жеке табыс салығының және (немесе) әлеуметтiк төлемдердiң қате төленген сомаларын мынадай негіздер:

1) БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезеңінің жұмыс өтіліне қосылуы;

2) әлеуметтiк төлемдерді тағайындау кезiнде МӘСҚ-ға әлеуметтiк аударымдарды төлеу кезеңінің мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу өтіліне есептелуі;

3) ӘлМСҚ-ға жарналар төлеген кезеңінде БЖТ төлеушінің ӘлМСҚ есебінен медициналық көмек алуы;

4) өтiнiште көрсетiлген жеке табыс салығының және (немесе) әлеуметтік төлемдердің қате төленген сомаларын қайтару себебiнің расталмауы негіздері бойынша қайтарудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

МКК, МӘСҚ, ӘлМСҚ мен БЖЗҚ-дан немесе олардың біреуінен бас тарту туралы хабарлама алған жағдайда Мемлекеттік корпорация МКК, МӘСҚ, ӘМСҚ мен БЖЗҚ-дан жеке табыс салығының және (немесе) әлеуметтік төлемдердің қате төленген сомаларын қайтарудан бас тарту алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті тараптарға қайтаруға өтініштің күшін жою туралы хабарлама жібереді. МКК, МӘСҚ, ӘлМСҚ пен берілген БЖЗҚ-дан жеке табыс салығының және (немесе) әлеуметтік төлемдердің қате төленген сомаларын қайтарудан бас тарту алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеушіге Мемлекеттік корпорацияның тиісті тараптан алған жеке табыс салығының және (немесе) әлеуметтік төлемдердің қате төленген сомаларын қайтарудан бас тарту себептері туралы жазбаша жауап жолданады.

МКК-ден, МӘСҚ-тан, ӘлМСҚ-тан және БЖЗҚ-дан оң жауап алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация екі жұмыс күні ішінде МКК-ге, МӘСҚ-қа, ӘлМСҚ-қа, БЖЗҚ-ға БЖТ-ның сұратылатын сомаларын Мемлекеттік корпорацияның шотына аударуға электрондық өтінім жібереді.

  1. БЖТ сұратылатын сомаларын Мемлекеттік корпорацияның есебіне аударуды МКК, МӘСҚ, ӘлМСҚ, БЖЗҚ БЖТ төлеушілердің тізімі қоса берілген және Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі, күні көрсетілген электрондық өтінім алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік корпорация БЖТ-ның толық сомасын алған жағдайда жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомалары түскен күннен бастап операциялық үш күн ішінде оларды БЖТ қате төленген сомаларын қайтаруға өтініште көрсетілген БЖТ төлеушінің банк шотына төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.
  3. Мемлекеттік корпорация БЖТ төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған төлемдердің тізілімдерін мемлекеттік кірістер органына күн сайын береді.
  4. БЖТ төлеуші қажет болған кезде Мемлекеттік корпорациядан бірыңғай жиынтық төлеммен төленген МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарының, ӘлМСҚ-ға жарна аударымдарының, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ жеке табыс салығының сомалары туралы ақпаратты сұратады және алады.

Сарқан ауданы бойынша МКБ

Бас маман Р. Касымханов

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер