Жемқорлықсыз қоғам

Жемқорлық-әлеуметтік-экономикалық  даму,  нарықтық  экономиканы құру,  инвестициялар  тарту процесін баяулататын  және демократиялық мемлекеттің саяси  және қоғамдық институттарына  кері әсер ететін,  елдің даму болашағына  айтарлықтай  қауіп  төндіретін құбылыс. Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында «Демократиялық  қоғам  жағдайында  қылмыс  пен сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  ерекше  мәнге ие болады»,-деп атап көрсетіп отырады. Яғни, бұл, мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өз құқықтарын, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – басты мақсаты болып табылады.

 

                                                   Сарқан ауданы бойынша

                                                                                Мемлекеттік кірістер басқармасы

                                                                    Бас маман  Р. Касымханов

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер