«7-20-25 бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді»

Наурыз айында Еллбасымыз Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялағаны көзіқарақты оқырмандардың есінде.  Осы бес бастаманың алғашқысында елбасымыз «7-20-25 бағдарламасын» жүзеге асыруды ұсынған.

 

Өткен аптада аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аталған бағдарламаны талқылаған келелі жиын өтті. Аудандағы мекеме, ұжым қызметкерлері бас қосқан жиылысты жүргізіп отырған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Рымбаев алғашқы сөзді облыстан келген меймандарға берді. Өз кезегінде «ҚР Ұлттық Банкі» Алматы облыстық филиалы бөлімінің басшысы Б. Диханшинов бағдарлама туралы толыққанды ақпарат берді. Бағлан Мұраталдыұлының айтуынша Алматы облысы әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық ұйымы арасында 2 млрд.теңгеге меморандумға қол қойылған, қазіргі уақытта бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер жиналуда. Тек қана Есік қаласы бойынша 1600 бюджеттік қызметкерлер қатысқысы келіп отыр. Алматы қаласы маңындағы Қарасай, Талғар, Іле аудандарында баспана бағасы 25 миллион болса, басқа аудандарда одан төменірек. Республика бойынша 18 қазан күнгі мәлімет бойынша 3752 ұсыныс түссе, оның 2500-і мақұлданды. Ал Алматы облысы бойынша 75 ұсыныс болса, 56-сы бекітілді. Бағдарламаның серіктес банктерін атап, қатысу шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, слайд арқылы көрсетті. Жиналған жұртшылық атынан: «Қолданыстағы үйге несие беріледі ме?» – деген сауалға Бағлан  Мұраталдыұлы: «Жоқ несие тек жаңа үйлерге беріледі, көпқабатты үйлермен қатар жеке үйлерді де алуға болады. Ал қолданыстағы үйлерді «Баспана Хит» бағдарламасы арқылы алуға болады»- деп, мәлімдеді.

Ал Тұрғын үй жинақ банкінің Алматы облыстық филиалы меннеджер-кеңесшісі Данияр Иманшаев болса банк тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер