«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» көрмесі

2019 жылдың 1 қарашасында Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» Республикалық көрмесі өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры болып табылады.

Конкурсқа қатысуға барлығы 224 өтінім берілді, оның ішінде өңірлік кезең барысында 57 жоба таңдап алынды, оның 14-і финалға шықты.  Көрмеге Алматы қаласынан 4 жоба, Жамбыл облысынан 2 жоба, Шымкент қаласынан, Павлодар қаласынан, Қостанай қаласынан, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бір жоба ұсынылады.

(Жоба-финалист болған жағдайда өңір өз жобалары туралы толығырақ айтады).

Биылғы жылы жобалар «Әлеуметтік проблемаларды шешуді ақпараттық ілгерілету», «Әлеуметтік саладағы волонтерлік қозғалысты дамыту», «Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», «Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету» және »Өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмек көрсету» 5 бағыты бойынша бағаланды. Байқау жеңімпаздары құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнесмендер, ҮЕҰ және БАҚ басшылары, сондай-ақ Әлеуметтік сала ардагерлері кіретін жобаларды іріктеу комиссиясымен анықталады.

Көрмені өткізудің мақсаты-қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға, соның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсетуге бағытталған іске асырылатын әлеуметтік жобаларды қолдау.

Айта кетерлік жайт, 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жобаны жүзеге асыру жылдары конкурсқа қатысуға 1 192 өтінім келіп түскен, оның ішінде 228 әлеуметтік жоба өңірлік деңгейде және 19 – республикалық деңгейде жеңімпаз деп танылды.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер