“Ақсу Қант” қайта іске қосылды.

Ақсу ауданындағы “Ақсу Қант” ЖШС – і биыл екінші жыл өз жұмысын жалғастырды. Өндіріс орнын іске қосу үшін Облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келді. Модернизацияның 2 – ші кезеңін өткерген зауыт 80 пайызға толығымен жаңартылды. Өнім көлеміде былтырғымен салыстырғанда жоғары.
Жалпы зауыттың қазіргі таңда қабылдаған тәтті түбірі 80 мың тоннаға жуық. Оның ішінде Ақсу ауданы 45 000 тоннасын, ал қалған өнім көршілес Сарқант, Алакөл аудандарынан жиналып отыр. Алайда тәтті түбірді жинау әлі де жалғасуда. Жоспарға сай Ақсу ауданының шаруа қожалықтарынан тағы 25 000 тонна өнім жиналады деп күтілуде. Жоспар орындалса өткен жылмен салыстырғанда аудан 30 пайызға өнім көлемін ұлғайтпақ.


Арнайы ашылуына келген облыс басшысы мен біршама қонақтар өнімді көзбен көріп, қолмен ұстап ризашылықтарын танытып кайтты.
Баршамызға зауыттың ашылуы күтты болсын.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер