Алматы облысы Сарқан ауданының ҚІБ-да 230 жасөспірім әскери есепке алынады

230 жасөспірім Сарқан ауданында әскери есепке алынады. Сарқан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды. “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеу жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс. 2019 жылдың қаңтарынан наурызына дейін мұнда 2002 жылы туылған 230 қазақстандық әскери есепке алу жоспарланып отыр.

Тіркеуді тиісті жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында ұйымдастырылады және өткізіледі. Азаматтарды тіркеуге келу туралы шақыру қағаздарымен хабарланатын болады, олар тіркеуге белгіленген мерзімге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

Айта кету керек, әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен жергілікті әскери басқару органдарында Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметтің келешегі туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы

 

подполковник  Альсеитов Т. А.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер