Алматы облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы   2017 жылдан бастап іске асырылуда.

Тоқсаныншы жылдардан бастап әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап алған елімізде жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» сынды түрлі бағдарламалар қабылданып, «Қазақстан – 2050» стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бағытына басымдық берілді.

«Еңбек» бағдарламасы осы секілді ірі бастамалардың заңды жалғасы болып есептеледі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда және қалада микрокредит беру арқылы азаматтардың өзін өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру. Сайып келгенде, бұл еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамуына жол ашады.

 

Бағдарламаның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға жәрдемдесу.

Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыру үшін 11,2 млрд.теңге қарастырылып, 19,3 мың адамды қамту жоспарланған. Бүгінде жұмыспен қамтудың белсенділігі артып 14,1 мың адам жұмыспен  қамтылды.

 2,9 млрд. теңгеге 6787 адамды оқыту жоспарлануда, оның ішінде:

тегін кәсіптік-техникалық білім беруге  жастар қатарынан  1535 адамды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5252 адамды қамту жоспарланған.

Техникалық және кәсіптік білім бойынша кадрларды даярлау қыркүйек айында басталады, бүгінгі қүні  контингентті қалыптастыру жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 14 мамырына қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға  32 колледж бен  27 оқу орталықтарына 39 сұранысқа ие  мамандықтар бойынша 2635 адам жіберілген.

Екінші бағыт бойынша 5,7 млрд. теңгеге 4068 адамды қамту қарастырылған. Оның ішінде 1299 қатысушыға (ауыл – 1226, қала – 73) 4,9 млрд.теңгеге шағын несие беру жоспарлануда. Қалаларда және ауылда микрокредиттерді кепілдендіруге 140 млн.теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.

Жыл басынан 2018 жылдың қаражаты есебінен 104,6 млн.теңгеге 8 адам шағын несие алды. Талдықорған қаласы жобалары бойынша жалпы кепілдік сомасы 42,8 млн.теңгеге 5 кепілдікке берілді.

Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың қаражаты есебінен шағын несие беруді ұйымдастыру үшін жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген. Қазіргі таңда 88 адамға 27,9 млн.теңге көлемінде грант берілді.

Сонымен қатар, жастар үшін 200 АЕК-тен 494 грант беру үшін  – 249,5 млн.теңге,  табысы аз және көп балалы отбасыларға 200 АЕК-тен 160 грант беру үшін  – 80,8 млн.теңге грант беру қарастырылып отыр.

Бағдарламаға сәйкес кредиттер бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын бағдарлама қатысушыларына беріледі.

Бағдарламаға зейнеткерлік жасқа жетпеген, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары қатысады,-дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер