Ардагерлерге тарту

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Сарқан ауданының әкімі Марат Разбеков Сарқан ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерін, ғасыр жасаған қарияларымыздың қал-жағдайларын сұрап арнайы барып, келіп жеткен «Ұлы Жеңістің» 74 жылдығымен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады.


Аудан әкімі Қойлық ауылында тұратын ҰОС ардагері 95 жастағы Ысқақов Берлібек атамыздың шаңырағында болып, ақ дастархан басында жылы жарқын әңгіме құрып, сый-сияпатын табыс етті. Сонымен қатар, Шекарашы ауылында тұратын ҰОС ардагері Ульянов Геннадий атамызға және Қарағалы ауылында тұратын Галкин Алексей атамызға барып мерейлі мерекемен құттықтады.


Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер