Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қарты бар елдің қазынасы бар демекші, аудан әкімі Марат Мелісұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұрмыс тіршілігін, қал жағдайларын білу үшін арнайы барып, ардагерлерімізбен танысып, бейбіт күнді сыйлаған аталарымызға шынайы алғысын білдірді.
Жалпы аудан бойынша үш ҰО соғысының ардагерлері тұрып жатыр. Олар: Қойлықта Ысқақов Берлібек, Қарғалыда Галкир Алексей Федорович және Амангелді ауылында тұратын Ульянов Генадий Федорович. Қарияларымызға көмек беру мақсатында қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.


Аудан әкімі Марат Мелісұлы ауыл әкімдеріне ҰО соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан беріліп жатқан барлық әлеуметтік жәрдемдерден тысқары қалмау керектігін тапсырды.
Бүгінгі жас ұрпақты Отан сүйюге, өз елінің патриоты болу жолында сіздердің майдан даласында істеген ерліктеріңізді жас буынға боямасыз жеткізу арқылы тәрбие беру біз үшін мақтаныш


Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер