Ашық есік күні акциясы өтті

Бүгін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен мемлекеттік кызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Азаматтарға әлеуметтік саладағы құқықтары мен мемлекеттік қолдау шараларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күнінде, тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларға нақты жауаптар алуына мүмкіндіктер алды.


Ашық есік күндерін өткізу – мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндіктері бола бермейтін тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешудің нәтижелілігін арттырады.
Осындай қабылдау-кездесулер халық тарапынан оң бағасын алуда.
Сондай-ақ, зор мүмкіндіктер беретін электронды үкімет порталы, оның қарапайым халыққа беретін артықшылықтары жайында мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер