Аудан әкімі жастармен жүздесті

Бүгін Сарқан ауданының әкімі Марат Разбеков ауданның белсенді жастар кездесті.
Кездесуге жас мамандар, өндіріс саласындағы жұмысшы жастар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, жас спортшылар және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының белсенді мүшелері, озат оқушылар қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жастар саясатын, аймақтық жастар бағдарламаларын жүзеге асыру, аудан жастарының белсенділігін арттыру, жастардың азаматтық және рухани дамуына жағдай жасау.
-Елімізді іргелі мемлекетке айналдыру сіздердің қолдарыңызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан, жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына, бәсекеге төтеп беруге дайын болуы керек.

Отанымыздың санасы сергек, жаңа заманның технологияларын меңгерген нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ, – деді кездесуде аудан әкімі Марат Разбеков.


Аудан басшысымен кездесу де жастар көкейінде жүрген сұрақтарын, ұсыныстарын жеткізіп, бүгінгі таңда жастардың хал-ахуалы қандай, олар немен айналысады, бос уақыттарын қалай өткізеді, міне осы мәселелер төңірегінде кеңінен айтылып, жайдарлы жүздесу болды.
Кездесудің соңында жастар аудан әкімімен естелік суретке түсті.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер