Аудан әкімі Адал Ұрпақ ерікті мектеп клубтарының белсенділерімен жүздесті

29 мамыр күні Сарқан ауданының әкімі Марат Разбеков ауданның «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының белсенді мүшелерімен жүздесті. Кездесудің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жоғары моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыру.


Аудан басшысымен кездесу де оқушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізген іс-шараларымен, жеткен жетістіктерімен бөлісіп, көкейінде жүрген сұрақтарын, ұсыныстарын жеткізіп, бүгінгі таңда олар немен айналысады, бос уақыттарын қалай өткізеді, міне осы мәселелер төңірегінде кеңінен айтылып, жайдарлы жүздесу болды. Жалпы, кездесу өңір жастары үшін тамаша ынталаңдыру болады деп есептейміз. Кездесудің соңында оқушылар аудан әкімімен естелік суретке түсті.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер