Аудандық мәслихаттың кезекті 55 сессиясы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Сарқан аудандық мәслихаттың кезекті 55-ші сессиясы өткізілді.
Сессияның күн тәртібі бойынша Сарқан аудандық мәслихат хатшысының және мәслихатының тұрақты комиссия төрағаларының 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы депутаттармен аудандық мәслихат хатшысы Қ. Абдрахмановтың және тұрақты комиссияларының төрағалары – Ж.Игіман, С.Елюбаеваның баяндамалары тындалды.


Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Абдрахмановтың және және тұрақты комиссияларының төрағалары – Ж.Игіман, С.Елюбаеваның есептері назарға алынып, мәслихаттың сонымен қатар тұрақты комиссияларының жұмысын жандандыруы және бекітілген жоспар бойынша ұйымдастыруы ұсынылды.


Сонымен қатар сессия жұмысында депутаттар аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекітіп, тиісті шешім қабылдады.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер