Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін автобекет алаңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аграрлы өңір ретінде мұндай жәрмеңкелер қашанда өз тұтынушыларына өнімдердің сан түрін ұсынатындығы белгілі.


Атап айтқанда ет және сүт өнімдері, көкеніс сондай-ақ құлпынай, бақша көшеттері де, сатылымға шықты. Бұл күнделікті тұтынып жүрген азық-түліктің нарықтағы бағасынан қарағанда 10-15% – ға арзан саудаланды.
Аталмыш жәрмеңкеге аудан әкімі Марат Разбеков арнайы келіп, бағалардың қолжетімділігін көзбен көріп, соңында бірқатар сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.


Ең бастысы барлығы табиғи, өзіміздің өңіріміздің төл өнімдері. Тұтынушылар тарапынан мұндай шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер