Ауыл шаруашылығы бойынша семинар

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ауыл шаруашылығы және «A.S.K. Kazahstan» шет елдік бірлестігі фирмасының ұйымдастыруымен қант қызылшасы, май бұршақ, дәнді дақылдарды өсіру технологиясы бойынша семинар өткізілді.
Кездесуге «A.S.K. Kazahstan» шет елдік бірлестігі фирмасының өкілі Самат Есжанов қатысып, ол өз сөзінде:


-Шет елдерде сынамадан өткен жаңа тұқым түрлерін елімізде пайдалану арқылы өнім көлемін арттыруға жұмыс жасау керекпіз – деді.
Мәселен АҚШ, Ресей, Түркия, Германия елдерінде жаңа сұрыпты тұқым түрлері алынып, оны шет елдерде сынамадан өткізіп, оң нәтижеге қол жеткізуде. Биылғы жылы ауданымызда жүгері, қант қызылшасы, май бұршақ, көп жылдық шөп жоңышқа секілді өсімдіктердің жаңа түрін себу жоспарлануда.
Айта кетерлігі, 2005 жылдан бастап «A.S.K. Kazahstan» шет елдік бірлестігі Қазақстанның барлық жеріне тұқым, минералды тыңайтқыш, гербицит және өсімдіктерге арналған дәрілік препораттарды тасымалдаумен айналысып келеді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер