Бау-бақшаларды сумен қамтамасыз ету бойынша

Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы Қадыр Абдрахманов ағымдағы жылдың 12 мамырында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ақпан айындағы отырысында тыңдалған округтердегі бау-бақшаларды сумен қамтамасыз ету бойынша «Сарқанирригация» мекемесіне берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау мақсатында Амангелді, Қарабөгет, Қойлық ауылдық округтерін аралады. Сапар барысында мәслихат хатшысы аталған ауыл округтерінің әкімдерімен, жергілікті қауымдастық төрағаларымен кездесті.


Осы басқосуларда “Сарқанирригация” мекемесінің директоры Заманхан Әшірбеков әр нысан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама берді.
Әсіресе, Көкөзек ауылының Еспі ішкі тоғанының 150 метр аумағы тазаланып, ауыл тұрғындарының күшімен бөгет қойылады. Қарабөгет ауылына баратын Р-2 каналының 500 метр аумағының зираттарға жақындап, қауіп туғызуына орай нығайту жұмыстары жасалынып, тазалануда. Сонымен қатар осы ауылдың гидротехникалық құрылымдары қалпына келтірілді.

Бақалы, Ағарту ауылдарына су жеткізетін каналдар тазаланып, Қойлық ауылына баратын Р-1 каналдың аяқ жағындағы гидротехникалық құрылым ретке келтірілуде.
Осындай дайындық жұмыстарының нәтижесінде 15 мамырда Қойлық, Бақалы ауылдарына су толығымен берілетін болады.

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер