Cаялы Сарқан қаласының туған күні тойланды

Сарқанның қала күнінде аудан әкімі Марат Мелісұлы М.Тынышбаев атындағы орталық алаңда «Қала күніне» орай ұйымдастырлған Ең үздік дастархан көрмесін аралап, жұрт назарына қойылған, тәтті дәмділерден дәм татты.

Сондай-ақ қала тұрғындары Сарқан қаласының 50 жылдығына арнап дайындаған тәтті торт та дастархан басынан ерекше орын алды.
Мерекеге орай орталық алаңда түрлі байқаулар мен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды. 21-26 қазан күндері аралығында Сарқан қаласының 50 жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан, баскетболдан, футболдан, қол күрестен, еркін күрестен спорттық жарыстар және де ауданаралық «Жайдарман» ойындары ұйымдастырылып, Сарқан қаласының атынан шыққан кәсіпкерлердің атынан арнайы дайындаған бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осыдан кейін аудан әкімі қала тұрғындарын Сарқан қаласының мерейлі 50 жылдығымен және «Қала күнімен» құттықтап, шынайы алғысын білдірді.
Қала күніне арнайы қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «Ағайындылар» тобы келіп, әсем әндерінен шашу шашып көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мер

екенің мәнімен сәнін келтіре түсті.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер