E-gov.kz электронды үкімет веб-порталына тіркелде – уақытыңды үнемдей біл!!!

Неке қию-адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Үйлену тойына дайындалумен қатар, болашақ жұбайларда некенің тіркелуін қалай дұрыс ресімдеу, қандай құжаттарды дайындау, қайда жүгіну және қандай нәтиже болатыны туралы сұрақтар туындайды.

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты негізінде
өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы да жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнге, неке қиюды тіркеу өтінішті үйден шықпай-ақ электрондық түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы онлайн беруге болады. Онлайн-қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ алу және порталда тіркелу қажет. Естеріңізге сала кетейік, некеге алғаш рет кірген және балалары жоқ адамдар ғана онлайн тіркеле алады. Порталда авторланыңыз және “Отбасы” бөлімінің “Отбасы жағдайы” бөлімшесінде орналасқан онлайн-қызмет бетіне өтіп мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен танысыңыз. “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасын басу арқылы сіз электрондық өтініш бетіне түсесіз. Онда жеке мәліметтерді қайта тексеріп, толтыру, болашақ жұбайының/зайыбының ЖСН көрсету, АХАТ көрсету, мемлекеттік бажды кім төлейтінін белгілеу және ЭЦҚ-мен қол қою қажет. Мемлекеттік бажды төлеу кез келген банктің карточкасынан онлайн-ақша аударудың әдеттегі тәсілімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік баж мөлшері – 1 АЕК. Сіз өтініштегі өз бөлігіңізге қатысты ақпаратты толтырғаннан кейін, ол болашақ жұбайыңызға/зайыбыңызға растауға жіберіледі Оған порталда авторланып, eGov жеке кабинетінде өтінішті тауып, оны толтырып, егер төленбесе, мемлекеттік баж салығын төлеп ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Өтініш 48 сағаттан аспайтын уақытта расталуы қажет, осы уақыттан асып кетсе жойылатын болады. Қызмет көрсету нәтижесі өтінішті қабылдау, некені тіркеу күні мен орны туралы хабарлама немесе “Тіркеуден бас тартылды” мәртебесі болады. Өтінішті табысты қабылдаған кезде болашақ ерлі-зайыптылар көрсетілген күні мен уақытында өзімен бірге жеке куәлігін және басып шығарылған электрондық чекті алып, тіркеуші органға бірге келуі керек.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер