Әкім шыршасы бүлдіршіндерді шаттыққа бөледі

Жаңа жыл – әсіресе балалар үшін, асыға күтетін мереке. Мерекелік қойылыммен әр түрлі сый-сияпаттармен толығатын дәстүрлі шырша тойы биыл да ерекше мағынада өтті. Осы орайда, бүгін Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында, аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылып, барша балдырғандарды қызық-қуанышқа кенелтті.


Аталмыш шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылған. Көңілді өрілген мерекеге аудан мектептерінен 120 бала қатысты. Түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі жаңа жылдық костюмдер киген балақайлар алдында кең сахнада мерекелік қойылым шымылдық түрді.

Шырша тойына аудан әкімі Марат Мелісұлы қатысып, балаларды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, осынау мерекенің негізгі мәні жайында айта келе, балаларға жылы лебіздерін арнап, оқуда толағай табыс тілегімен басталды. Шара барысында мерекелік салтанатқа жиналған барша оқушыларға аудан әкімінің арнайы дайындаған тәтті-дәмділері үлестіріліп, сыйлықтар табыс етілді.


Мерекелік шараның негізгі бөлімі, мектеп оқушылары әзірлеген «Жаңа жылға жеті сый» атты жаңа жылдық сазды қойылымымен жалғасты.
Әкім шыршасы әртүрлі кейіпкерлер қатысқан музыкалық композициялар орындалып думанға айналды. Сахна төрінде әсем әндер айтылып, көз тартар көрініске толы қойылымдар орындалды.


Осы орайда, облыс әкімінің биылғы жылы ұйымдастырған жасыл шырша мерекелік думанды кешіне аудан мектептерінен 7 оқушы қатысып, арнайы дайындалаған сыйлықтарға ие болғандығын айта кеткен жөн.
Айта кетерлігі, жасыл шырша мерекесіне қатысқан 120 оқушыларға «Абдрахимов» ШҚ басшысы Мират Хаматайұлы қолдау танытып, сый-сияпатын тарту етті, сонымен қатар, «Амина» мейрамханасының басшысы Ася Валентиновна мерекелік дастарханға шақырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Ыстық ықылас, жылы пейілмен, көл-көсір қуанышқа толы аудан әкімінің жасыл шырша мерекесі барша балақайға ерекше шаттық сыйлағаны анық.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер