Мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтерудегі әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі

Мемлекет басшысы «Қазақстан 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өткен.

Сондықтан қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет аппаратының кәсіби біліктілігіне, мемлекет­тік қыз­мет­шілердің моральдық-этикалық кел­бетіне үлкен мән берілуде.

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет, мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауы керек.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 – қадамын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексі және этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы яғни, Әдеп жөніндегі уәкілдің институты енгізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің институтының мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін енгізілген.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзу профилактикасын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді, сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді.

Осылайша, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға өз үлесімізді қосып, ауданымыздаң мемлекеттік қызметшілерін мемлекет алдында тұрған жауапты және маңызды жобалар мен жұмыстарды сапалы және тиімді жүзеге асыруға шақырамын.

 

          Г.Мырзабаева-

Сарқан ауданы бойынша

Әдеп жөніндегі уәкілі

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер