Мерейлі Сарқан қаласына 50 жыл

25 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Сарқан қаласының 50 – жылдығына орай ұйымдастырылған «Сарқаным сарқылмас бұлағым» атты байқау өтті.
Байқауға аудандық мекеме ұжымдары, мектеп ұстаздары, колледж студенттері белсене қатысып, Сарқан қаласының 50 жылда басынан өткен тарихын және қазіргі кезде жеткен жетістіктерін жиналған қауымға әсерлі көрністер арқылы боямасыз көрсете алды.


Сарқан елі – берекесі мен бірлігі жарасқан, ынтымағы тасып, өрісі өркендеген, әсем табиғатымен, ақын жырауларға арқау болған кие қонған саялы мекен.
Шара соңында «Сарқаным сарқылмас бұлағым» байқауының нәтижесі бойынша 1-орынды Ақын Сара атындағы орта мектебі, 2-орын Сарқан гуманитарлық колледжі және 3-орын №1 мектеп гимназиясының ұжымдары жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлерге, арнайы дайындалған бағалы сыйлықтар табысталды.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер