Қош келдің Жаңа жыл

31 желтоқсан күні Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орталық алаңда «Қош келдің Жаңа жыл» атты салтанатты кеш болып өтті.

Мерекелік кеште аудан әкімі Марат Мелісұлы жиналған қауымды Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтап, келіп жеткен доңыз жылы елімізге берекелі, мерекелі жыл болып, арман тілектер орындалып, әр отбасыға бақ-береке, бастағалы отырған істеріне табыс тіледі.


Сондай-ақ, мерекелік кеш аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Жиналған қауым ән тыңдап, би-билеп аяз ата, ақшақар мен суретке түсіп, қуанышқа кенелді.


Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласты.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер