«QAMQOR» ұялы қосымшасы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап «Qamqor» мобильдік қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Оның арқасында кәсіпкер қызығушылық тудыратын сұрақтарға толық жауап ала алады. Тексеру жағдайында кәсіпкер өзінің смартфонынан қосымшаны ашып, тексеру  актісінен нөмірді қарап, тексеріс шын мәнінде тіркелген немесе тіркелмегенін біле алады. Тексеру тағайындалғаны туралы актіде көрсетілген инспектордың келмеуі немесе тексеру мерзімі аяқталған болса, тексеріс заңсыз деп есептелуі мүмкін.

Тексеріс тағайындаған кезде бизнесменнің ұялы телефонына «Сізге тексеру келеді» мәтінімен Push-хабарлама келеді. Хабарламаны басқан кезде толық сипаттамасы – тексеретін орган, тағайындалған тексерушінің аты-жөні, сондай-ақ тексерістің түрі, тақырыбы және мерзімі көрсетіледі.

Егер мұндай қажеттілік болса, кәсіпкер бұзушылықтар туралы хабарлама жібере алады. Бұл хабарламалар тікелей Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі және оған ол толық жауап ала алады. Сонымен қатар, қосымшада жиі қойылатын сұрақтарға арналған қойындылар әзірленген.

Сондай-ақ, бұл қосымшада кәсіпкер онлайн-режимінде  сұрақ қойып, дереу жауап ала алатын чат қарастырылған.

Ағымдағы жылдың шілдесінен бастап қосымшаның жетілдірілген нұсқасы іске қосылды.

Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады.

Кәсіпкер аталған кодты сканерлеп, тексерушінің тексеру мерзімі мен түрі туралы және т.б. нақты ақпаратты көріп, оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актісімен салыстыра алады.

Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алған соң, тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады.

Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы көрсетілген бұзушылықтар туралы тексеру қорытындысымен таныса алады.

«Qamqor» мобильді қосымшасы заңсыз тексерулерден қорғауға көмектеседі және кәсіпкер үшін қалта көмекшісі болады.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер