ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ АЙЛЫҒЫ

Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға байланысты айлық өткізуді жалғастыруда.

Бүгінгі күні 3421 азаматты қамтыған 5317 аула аралау жұмыстары жүргізілді. Айлыққа Сарқан ауданы ТЖБ жеке құрамынан және Сарқан қаласы 22-ӨСБ, Лепсы ауылы 27-ӨС бекетінен  39 адам тартылды.

Аудан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен жергілікті газет беттерінде 21 мақала жарияланды, интернет ресурстарына 67 ақпарат орналастырылды.

Көбінесе өрттер пешпен жылытылатын тұрғын үй секторында орын алады. Тұрғын үй секторыныңөрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең күрделі мәселе әрбір тұрғынның қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып қалуда.

Құрметті азаматтар! Тұншықтырғыш газбен улануды болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

– жылыту маусымы басталар алдында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу;

– түтін арналары өтетін барлық түтін құбырлары, қабырғалар әктелуі тиіс;

– екі айда кем дегенде бір рет түтін жолдары мен пештерді жиналған күйеден тазалау қажет;

– пешті пайдаланған кезде көмір толығымен жанып кеткенше жапқышты жаппаңыз;

– камин ішіне көмір жақпаңыз;

– үйді жылыту үшін газ плитасын, пешті пайдаланбаңыз;

– газ құралдарын пайдаланатын бөлмеде ұйықтамаңыз;

– газ құралдары орнатылған үй-жайларды әрдайым желдетіңіз;

– газ плитасын пайдаланғанда сору құрылғысын орнатыңыз және қосыңыз.

Өрт шыққан жағдайда шұғыл қызметтердің «101», «112» нөмірлеріне дереу хабарлаңыз.

 

Сарқан ауданы

ТЖБ бастығы

азаматтық қорғау майоры                                                            А.Тиынов

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер