Сарқан ауданына ҚР Парламентінің Сенат депутаты Сүлеймен Ляззәт арнайы іс сапармен келді

Қоғамдағы заңның орны ерекше Заң – адамзаттың өзара қатынасын реттейтін, түрлі қылмыстық әрекеттерді тізгіндейтін аса маңызды қағидаттар жинағы десек, елдің дамуы үшін де аталған заңның алар орны ерекше. Сол үшін жыл сайын заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Кейбір баптар ескірсе, кейбірі толықтыруды қажет етеді.
Осыған орай ауданымызға, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Сүлеймен Ляззәт Жаңылысқызы арнайы іс-сапармен келді. Мақсаты заңнамаға енген өзгерістер мен толықтыруларды жеткізу және ұсыныстарды тыңдау.


Сенат депутаты мен аудан әкімі Марат Мелісұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәкенұлы бағдарламаға сәйкес негізгі нысандарға барып, жалпы жұмыстарын көріп, ұсыныстарына құлақ түрді. Алдымен Сарқан қаласы Н.Островский атындағы мектеп-лицейіне барып, мектеп ұжымымен кездесіп, «Педагог мәртебесі туралы», Заң талқыланып, ұстаздар қауымы өз ұныстарын жеткізді. Білім саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер көтеріліп, өзгерістер еңгізуге ұсыныстар жолданды.


Сапар барысында 30 жылдай қаңырап, бос тұрған, аудандық орталық аурухананың жаңа кейіпке еніп, санаулы күндері есігін айқара ашқалы отырған денсаулық мекемесіне барып, қазіргі уақытта ғимараты толық күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай құрал жабдықталған жаңа аурухана ғимаратымен танысты.

Сапар соңын Сарқан политехникалық колледжінде аяқтады. Колледж жұмысымен танысу барысында колледж директоры Маткаримов Нұрахмет тозығы жеткен студенттер жатақханасын көрсетіп, күрделі жөндеуден өткізу үшін қаражат бөлінуіне көмек сұрады.


Сонымен қатар, Сенат депутаты ауданның құқық қорғау органдарының басшылары және кәсіби, кәсіби емес медиаторлармен кездесіп ҚР Заңдарында орын алып жатқан өзгерістермен таныстырып, сауалдарға жауап берді.


Сенат депутаты Ляззәт Жаңылысқызы және аудан басшысы Марат Мелісұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға Сарқан қаласы және Екіаша ауылының тұрғындары келіп, өз сұрақтарын қойды. Тұрғындар қаланың арық жүйелерін ретке келтіру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізіу үшін жабық ФОК салу және Екіаша орта мектебін күрделі жөндеуден жұмыстары қажеттігі туралы мәселе көтерді.

 

Көтерілген сауалдарды Ляззәт Жаңылысқызы мұқият тыңдап, тиісінше жауап берді.

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер