Сарқан ауданында инвестициялық форум өткізілді

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен өңірімізге инвесторларды көптеп тарту мақсатында инвестициялық форум өтті.
Форумда Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығының маманы Алмас Өмірсерікұлы баяндама жасап, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау аясындағы бағдарламаларға толығырақ тоқталып, түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Марат Разбеков ауданымызда жасалынып жатқан жұмыстардың бірқатар легін айтып өтіп, ұсыныстарын жеткізді.

Аудан басшысы өз сөзінде:
-Инвестициалық форум – бұл ауданның атқарушы органдар мен бизнес қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық. Инвестиция мен инновация заманауи экономиканы қалыптастыратын, жаңа ойлар ашатын ауқымды жоспар, қаржы тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу ғана емес, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының сенімді индикаторы. Сонымен қатар, кіші және орта бизнес субъектілеріне үлкен мүмкіндіктер туғызатын алаң.
Сарқан ауданы кәсіпкерлік ісінің жан-жақты көп салалы дамуына табиғи жағдайымен де, георграфиялық орналасуымен де зор мүмкіндік беретін өңірлердің бірі болып табылады. Басым бағыты аграрлық болғанына қарамастан, өнеркәсіптік бағытта да дамып келеді.


Ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті қолдауға, инновациялық қызметті дамытуға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 199 млн 287 мың теңге бөлінді. Бұл бизнесті несиелендіруге оң әсерін тигізуде». – деді.
Форум барысында аудан басшысы «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы туралы айтып өтті.


Алматы облысы аумағында бұл жұмысты Алматы облысы әкімдігінің 1 қабатында орналасқан «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүзеге асырады.
Жобаның басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Осыған байланысты, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің дайындаған сауалнамасын толтырып, бейне ролигін тамашалады.
Айта кету керек, мемлекеттің қолудауының арқасында ауданда соңғы жылдары бірнеше жоба іске асып, табысты жұмыс істеуде.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер