Сарқандықтар қала күнін атап өтті

Сарқандықтар ерекше көңіл күймен қала күнін атап өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Қанатұлы қатысып М.Тынышбаев атындағы орталық алаңда «Қала күніне» орай ұйымдастырылған Ең үздік дастархан көрмесін аралап, жұрт назарына қойылған, тәтті дәмділерден дәм татты.
Сондай-ақ қала тұрғындары қала күніне арнап дайындаған тәтті торт та дастархан басынан ерекше орын алды.
Мерекеге орай орталық алаңда әр түрлі байқаулар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
02-04 қазан күндері аралығында қала күніне орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, спорт алаңдарында волейболдан, баскетболдан, футболдан, қол күрестен, қазақша күрестен және жастар арасында NOMAD’S SPIRIT спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаз қыз-жігіттерге жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ақшалай сыйлықтар табысталды


Осыдан кейін аудан әкімінің орынбасары және қала әкімі қала тұрғындарын «Қала күнімен» құттықтап, шынайы алғысын білдірді.
Шара соңында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әсем әндерінен шашу шашып көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің мәнімен сәнін келтіре түсті.


Айта кету керек, қала күні мерекесі қарсаңын да ұймдастырылған барлық шараға 1 млн.теңге болатын ұтыс қойылған.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер