Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру назарда!

Бүгін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспарының шеңберінде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға көшіруі бойынша нақты міндеттерді орындау мақсатында Алматы облысында жүйзеге асырылып жатқан тың бастамалары, атап айтқанда e-zhetysu.kz порталын (“Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою” мемлекеттік қызметін), Mektep SitCen жобасын (балаларды бірінші сыныпқа тіркеу) және «Digital agent» мобилдік қосымшасын халық арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.


Жиында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 7 жасқа дейінгі мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет бойынша өтінімді онлайн беру және Mektep SitCen жобасы бойынша «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары хабарлама жасады.
DIGITAL AGENT мобильдік қосымшасының артықшылығы хабарланып мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың шынайы уақытта қызмет көрсету сапасына қатысты өз шағымын және тиісті бағасын беруге мүмкіндігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын насихаттайтын жадынамалар таратылды.


Түсіндіру жұмыстарының жалпы мақсаты – аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру және іске қосылған жобаларды кеңінен насихаттау.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер