Төтенше жағдайларға дайындық пысықталды

Бүгін аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында «Қыс-2018» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Шараға 35 дана әр түрлі деңгейдегі техника қойылып, 110 адам сап түзеді.

Оқу-жаттығу іс-шарасы азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды талапқа сай ұстау мақсатында өткен ауқымды шараға аудан әкімі – аудандық азаматтық қорғаныс бастығы М.Разбеков қатысып, ауданның жедел әрекет ету жасағының жеке құрам және командаларының саптық түзілуін аралап осы буынды құрайтын біраз мекемелер жұмысына қатаң сын айтып, оны жоюға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді.


Сонымен қатар, саптық тексеріс кезінде Марат Мелісұлы әрбір құрамның төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі міндеттері мен қимылдарын сұрап, арнайы киімдер мен техникамен жабдықталуын және құралдарын тексерді.

Шараға аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық эвакуациялық комиссия, жедел әрекет ету жасағы қатысты.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер