Талдау тобы Қойлық ауылын аралады

Бүгін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің жоспарына сәйкес Сарқан ауданы әкімдігінің 2019 жылы 17 шілдедегі №227 қаулысы негізінде қайта құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау және қолжетімділікті қамтамыз ету мақсатында Қойлық ауылдық округінде болып, бір қатар әлеуметтік нысандарды аралап өтті. Мәселен: Қойлық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінде талдау жұмыстарын жүргізді.


Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тимді алуы кезінде оларға қолайлы жағдай жасау талаптарына аса көңіл бөлінді.
Топ мүшелері тексеріс кезінде бір қатар олқылықтарды байқады атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қоңыру түймесінің болмауы, көру қаблеті нашар адамдар үшін баспалдақтардың контрасты бояумен сырланбағандығы және Брайль шрифтымен жазылған тақтайшаларының болмауы сияқты кемшіліктер орын алды.


Талдау кезінде орын алған кемшіліктерді мекеме басшылығына жою керектігі айтылып, талаптарға сай орнына келтіру үшін межелі мерзім берілді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер