“Зерде” интеллектуалдық жарысының аяққы ақтық сыны(финал) өтті

“Жетісу” телеарнасының ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектер арасында дәстүрлі “Зерде” интеллектуалдық жарысының аяққы ақтық сыны(финал) өтті. Жалпы бұл жарыс облыс бойынша 99 баламен басталып, барлығы 6 айналым нәтижесі бойынша финалға мықты деген 6 түлек шықты. Интеллектуалды ойынға негізгі пәндер бойынша (математика, физика, қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих, химия, биология) қатысушылардың тапқырлығы мен алғырлығымен қатар, ұшқыр ойлары да сынға түсті. Сондай-ақ, халық қазынасы, ұлттық салт- дәстүрлер бойынша сұрақтар да оқушылардың ой-өрісінің, логикалық ойлау деңгейлері де сыналды. Оқу жылының басында аталған ойынға ауданнан 6 мектеп бітіруші түлек ұсынылды. Ойын нәтижесі бойынша 2 түлегіміз финалға шығып, аудан абыройын асқақтатты. Атап айтсақ, Қарауылтөбе орта мектебінің 11-сынып оқушысы КӨПБАЕВА НАЗЫМ САТПАЙҚЫЗЫ жүлделі 1 орынды иеленіп, 2 млн.теңге сертификатын иеленсе, М.Жұмабаев атындағы орта мектептің оқушысы Акимбек Анель бағалы сыйлықпен (ноутбук) марапатталды. Осы орайда, Назымның жеңісі – ұстаздарының да жеңісі! Ендеше, білім мен тәрбие берген ұстаздарын да атап өткен жөн деп санаймыз. Олар: физика пәнінің мұғалімі Ноғайбекова Несипхан Абеновна, математика пәнінің мұғалімі Қажымұқан Сәулет Сұлтанқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Копбаева Жадыра Турдыахметовна.
Жүлделі орын иегерлерін құттықтап, алар асуларыңыз биік, мақсаттарыңыз айқын болсын демекпіз!

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер