Жүйелі жұмыс – толағай табыс негізі

Егеменді ел атанып, өз алдымызға отау тіккен алғашқы күннен бастап Елбасы-Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев тәуелсіздіктің берік тұғыры экономикада екенін үнемі айтып келеді. Расында да тәуелсіздіктің алтын діңгегі іспетті экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егенмендігіміз де баянды бола алмайды. Азаттықтың ширек ғасырын еңсерген Қазақелінің басты міндеті – «Қазақстан-2050» стратегиясын сапалы түрде жүзеге асырып, соның нәтижесінде әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің легінен көріну.  Бұл біздің берік байлам, межелі мақсатымыз.Бүгінгі таңда алдымызға Қазақстанды үшінші жаңғырту, яғни, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндеті қойылып отыр. Жолдауда бес негізгі басымдылық белгіленіп, көрсетілген. Әсіресе, ел экономикасын дамытуға арналған негізгі басымдықтардың бірі – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы көзделген. Салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу де айрықша мәнге ие. Осы ретте бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігі туралы және Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану керектігі сөз болады. Сондай-ақ, Жолдауда, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігі айрықша айтылады. Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру, мемлекеттік сатып алу жүйесі орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша жүргізілуі керек делінген.
Қорыта айтқанда, белгіленген басымдылықтар елімізді жаңа жаһандық болмысқа апаратынын және ол үшін жаңа жағдайларға бейімделуде мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттары болып табылады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиясында салық саясатының қазіргі мәселеріне тоқталып, салық жүйесін тұрақтандыруымыздың және оны жетілдірудің тиімді бағыттарын анықтап, қолдануымыз керектігін баса айтқан. Соның ішінде:

  • Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу;
  • Салық жүйесін де қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімдіету;
  • Салық әкімшілігін ырықтандыру (либерализация) және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыру;
  • Салық есептілігін жеңілдеті пәрімейлінше азайту;.
  • Нарықтық қатынастар жағдайында қызмет атқаратын салық төлеуші тұлғалардың салықтан жалтару жолдарын іздеутіругеемес, нарықтық бәсекелестікк ебарынша ынталандыру;

Сарқан ауданы  Жоңғар Алатауының көркімен көз тартар аясында  орналасқан. Өңірде 12 ауылдық округ, бір қалалық округ және Лепсі поселкелік округі бар. Аудан бойынша жалпы халық саны 45075 мың адамды құрайды..

Бүгінгі  күнге аудан бойынша заңды  тұлға – 332, жеке кәсіпкер  – 1770 және 1529- шаруа қожалықтары тіркелген.

Біздің жұмысымыздың нәтижесіне келсек  2019 жылдың 1-ші маусымға жағдайы бойынша салық жинау мен бюджетке түсетін басқа да төлемдерді орындау жоспары 120 пайызға орындалды, жобадан тыс 102 983 мың теңге жиналды.

Ең бастысы заңды  тұлғалармен сенімді қарым–қатынас  орнату мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Осы бағытта Заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім жүйелі жұмыс атқаруда, аталмыш бөлімнің қызмет аясы кең. Қазіргі таңда бөлімде тәжірибелі  мамандар – бөлім басшысы Курмангаиева А.Т. бас мамандар Такеев Р.К. Аязбаева Г.Б. өздеріне жүктелген міндеттеріне адалдық танытуда.

 

Басты мақсат – бюджеттің кіріс бөлігін толтыру

     Құқықтық  ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімі қызмет жүргізеді, оның штаттың саны 3 маман,  Осынау бөлімінің негізі міндетіне бюджетке қарыз кәсіпорындар алдындағы қарыздарын өндіріп, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру  болып табылады. Бөлімде  сауатты  және тәжірибелі  мамандар жұмыс атқаруда. Бөлім басшысы Киреев С.В.  бас маман Р.Касымханов. осы қатарда.

Бюджетке түсетін  салықтармен басқа да төлемдерді  бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру  мақсатында Есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімде 3 маман жұмыс  істейді.Олар өз ісінің білгірлері – бөлім басшысы  Балабашина В.Н. бас маман Курумбаева Н.С.  және жетекші маман Балакбаева А. С.

Барлық шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне салық салу мәселелері бойынша Өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімі. Мұнда  үлкен  тәжірибелік  өтілі бар  сауатты  мамандар  атап айтқанда бөлім басшысы Стамбекова Эльвира Маликайдарқызы, Мағамбетова Индира Әментайқызы. Олар жоғарғы  кәсіпкерлік пен білікті білімге ие. Аталмышмамандардың жұмыс  тәжірибесі кірістер басқармасына  оңды әсер етуде.

 

Қазіргі уақытта Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде барлық мүмкіндіктерді пайдаланып отыр. Жүйелі жұмыс қашанда толағай табыс кепілі. Осындай игілікті істердің бастауында білікті басшы тұратындығы даусыз дүние. Үлкен ұжымды ортақ іске жұмылдырып, жоғары нәтижеге қол жеткізуде білікті басшының өзіндік орны бар.Қызметкерлерді межелі міндеттерге бағыттап, басқарма жұмысын бірізділікпен алып жүру ісіндеМемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ақбаев Тасқын Турағалдыұлыменбасшы орынбасары Райханова Гуля Әділжанқызы еңбектері айрықша деуге толық негіз бар.

Салық саласы қашанда бюджеттің іргетасы іспетті. Ал осынау іргетасты бекемдеу ісінде Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының міндеті белгілі, мақсаты айқын. Осындай асқақ мақсат біздің ұжымды толағай табысқа, кемел көкжиекке жетелеп келеді.

 

Сарқан ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  Т.Ақбаев.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер