Жаңа жыл жылы шуаққа толы берекелі мереке

Ғажайыпқа толы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Марат Разбеков аудандық орталық аурухананың балалар бөлімінде жатқан 27 бүлдіршінге сонымен қатар, ғасыр жасаған дария кеуде қарияларымызға және ауднымыздағы үш Ұлы Отан соғысының ардагеріне арнайы барып, қал-жағдайларын біліп, мерекемен құттықтап, тәтті-дәмділерін тарту етті.
Ескі Жылдың қайғы – мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл – күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.


Достар, біз де өкпе – назымызды, өкініш – мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік.
Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын демекпіз!

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер