Жалпы республикалық сенбілік өткізілді

Бүгін Сарқан ауданы бойынша жалпы республикалық тазалық сенбілігі өткізілді. Ауқымды шараға ауданның барлық мекеме ұжым қызметкерлері және ерікті қала жастары жұмыла атсалысып, бой көретті.
Тазалық жұмыстары қала саябақтарын да, көше бойларында, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында шашылған қоқыстардан, кепкен бұталардан, түскен жапырақтардан және арық жүйелері тазартылды.


Қаланы көгалдандыруды мақсатында ағаш көшеттері де отырғызылды. Айта кетейік, бүгінгі сенбілікке ауданның барлық ауыл округтерінің тұрғындары тазарту жұмыстарына шығып, өз үлестерін қосты.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер