Жолдау жаңа серпілістердің бастамасы болмақ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғ.Маманбаев төрағалығымен ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқыға салу мақсатында аудан активімен жиын өтті.
Жиында Жолдауда айтылған нақты тапсырмаларды орындау мақсатында берілген тапсырмаларды аудан жұртшылығымен бірлесіп атқару керектігі айтылды бұл туралы аудан басшысының міндетін атқарушы Ғ.Маманбаев өз баяндамасында айтты.
“Ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығын көбінесе “Дипломмен ауылға” бағдарламасы шешеді, оны іске асыру үшін келесі жылдан бастап қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.


“Педагог мәртебесі туралы” Заң аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады.
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше назар аударылуы тиіс.
Оларға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында үш жыл ішінде кемінде 58 млрд.теңге бөлінеді.
Жыл соңына дейін бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілетін болады.
Балалар үшін спорттық инфрақұрылымға барынша қол жетімділікті қамтамасыз ету тапсырылды.
2021 жылға қарай 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау міндеті қойылды.
Біздің ауданда да дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салу жоспарда бар». – деді.
Сонымен қатар, Жолдауда айтылған оң өзгерістерді талқылауға Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі С.Смағұл, аудандық кітапхананың әдіскері А.Сейполдина және жастардың атынан «Парыз» Сарқан ауданының еріктілер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі А.Смағұл үн қатты.


Жиынға аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкiмдерi, құқыққорғау органдарының, аудандық бөлiмдер мен мекемелердiң басшылары, бизнес, қоғамдық ұйымдар, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер