Құрметті Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсібилігін жария ету мақсатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасы Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесе мемлекеттік қызметшілер арасында «Алматы облысының мемлекеттік қызметтегі 100 тұлғасы» атты фотобайқауды іске қосады.

📌Фотобайқауға қатысу ережелері мен шарттары:
1️⃣ Қатысушылардың мемлекеттік қызметші болуы міндетті.
2️⃣ Фотобайқауға қатысатын мемлекеттік қызметшінің 2 фотосуреті қабылданады және фотоматериалдар мемлекеттік қызметшіні іс-әрекетте (жұмыс барысында, азаматтарға қызмет немесе көмек көрсету кезінде, сондай-ақ, жұмыстан тыс бос уақытын тиімді пайдалану уақытында) көрсетуі тиіс.
3️⃣ Жұмыс авторлары фотосуреттерді жасау кезінде техникалық құралдарды таңдауда шектелмейді.
4️⃣ Қатысушылардың әлеуметтік желілердегі аккаунттары байқау аяқталғанға дейін ашық болуы қажет.
5️⃣ Қатысушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі біздің @ruh7su, @visitzhetysukz және @vip_zhetysu аккаунттарымызға тіркелуі міндетті;
6️⃣ Байқау қатысушылары жеке аккаунттарында фотобайқау талаптарына сай келетін фотосуреттерді жариялап, біздің @ruh7su аккаунтымызды белгілеуі қажет;
7️⃣ Инстастористе фотосуреттермен бөлісе отыра, біздің @ruh7su аккаунтымызды белгілеу қажет;

📷 Байқауға қатысуға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілердің фотосуреттері 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін қабылданады.

✅ Байқаудың әр қатысушысына реттік нөмір беріледі.

❗ Байқау жеңімпаздары 3 шілде күні Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы кездейсоқ сандардың генераторымен анықталады.
🎁 Қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған 3 қатысушыға бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар табыс етіледі.

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!🍀

#Фотобайқау
#Алматыоблысы

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер