Қайырымдылық – қайырлы іс

​Қазақ ежелден жетімі мен жесірін жерге қаратпаған текті халық. Тарих сахнасына назар аударсақ, ықылым замандардан бері мұқтаж жандардың бір жағына шығысып, бір адамның қайғысын бір қауым болып көру қанымызға сіңісті болған.
​Бір айта кетерлігі қазіргі мезетте де осы құндылығымыздан айырыла қойған жоқпыз. Жыл сайын жетім, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше күтімді қажет ететін балалардың алғашқы қоңырауға дайындығын толықтыру мақсатына ұйымастырылатын «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы ағымдағы жылы да өз қарқынын жоғалтпақ емес.


​Осы ретте Сарқан ауданының әкімдігі жаңа оқу жылына «Жүректен жүрекке» ұранымен аталмыш акцияның қайта басталғанын хабарлайды. Өңіріміздің әр тұрғыны, жүрек түкпірінде жақсылық нұры бар, жылылық пен қамқорлыққа құштар азаматтар қайырымдылық ісінің ілгерілеуіне бірауыздан атсалыса алады.
Осыған орай аудан әкімдігі жақсылыққа бір қадам жасап, балалардың өміріне сәуле шашқысы келген барлық азаматтарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады.
Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша: 2-13-04, 2-12-51, 8 775 505-46-66 телефондарына хабарласа аласыздар.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер