Аудан тұрғындарының назарына!

 Ағымдағы жылдың 15-18 маусым аралығында аудан аумағында “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” атты республикалық акция өткізіледі. Акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру. Егер де Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз отбасында зорлық-зомбылық құрбаны болса, сондай-ақ, Сіз отбасындағы зорлық – зомбылықтың куәгері болсаңыз Сарқан ауданының полиция бөлімінің 102 номерена хабарласуға,сондай-ақ, отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату, көмек алу және қауіпсіз панада тұру үшін Талдықорған қаласындағы Дағдарыс орталығының 8-7282-28-00-05 телефонына да хабарласа аласыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының барлық аумағында “105” сенім телефоны ( тәулік бойы, тегін, құпиялылық сақталады) қызмет көрсетеді.

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер