Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің назарына!!!

Бүгінгі таңда Сіздерге қолдау көрсету аясында ауыл шаруашылығы саласына қатысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 18.10.2018 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары» № 427 бұйрығымен,  12.07.2018 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидалары» № 297 бұйрығымен, 25.08.2017 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары» № 355 бұйрығымен, 2016 жылғы 13 қыркүйектегі “Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” № 390 бұйрығымен қағидалар жаңа өзгерістермен бекітілгенін  хабарлаймыз.

Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы бойынша барлық субсидия түрлеріне құжаттары Mинагро.kz «Qoldau» арқылы электрондық түрде өткізетіндігін ескертеміз.

Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ғ. Батырбекова Тәуелсіздік көшесі № 111 тел: 22230; 21601

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер