«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша кеңес беру қызметтерінің барлық түрі  

2019 жылдың 21 маусымында таңғы сағат 10:00-да Талдықорған қ. Жансүгіров к-сі 149 мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.

Осы шара аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары

тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдерімен бірлесе отырып, келушілерге жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік бағдарламалар және басқа да тақырыптар бойынша ақпарат ұсынады және ақыл-кеңес беру қызметтерін көрсетеді.

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық келем деуші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді.

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер