ХАБАРЛАНДЫРУ!

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Тандау» мобильді қосымшасы арқылы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» жалпы республикалық акцияның (бұдан әрі – Акция) басталғандығы туралы хабарлайды. Бұл жарнама екі кезеңде өтеді: бірінші кезең – 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 31 сәуірге дейін, екінші кезең – 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 31 қазанына дейінАкцияның негізгі мақсаты құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, салықтық сауаттылықты көтеру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Акцияға қатысу үшін қажет:

  • Тегін мобильдік қосымшаны (Google Play Market, Apple App Store) жүктеу;
  • чекті суретке түсіріп жіберу;
  • тауарды сатып алу уақыты және күні а.ж. 01 сәуірден бұрын болмауы тиіс;
  • чектегі сомасы – 0 жоғары.

Акция жеңімпаздары кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.

Акция екі деңгейде өтетін болады:

Бірінші деңгей: Мемлекеттік кірістер департаменттерінің жанында, ай сайын – маусымнан қарашаға дейін- бағалы сыйлықтар тапсырумен үш жеңімпаз анықталады;

Екінші деңгейінде ұтыс ойыны тікелей трансляциялауды ұйымдастырумен Астана қаласы, Жеңіс даңғылы,11) жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, үш жеңімпаз анықталады және қосымша «Ең белсенді салық төлеуші»номинанты (көп чектер жіберген) анықталады.

Екінші деңгейдегі бас жүлде көлік.

Жүлделерді алу үшін жеңімпаздар салық органдарының қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжат және ұтыс чегінің кодын көрсетуі қажет.

Чек талап етіп, Акцияға қатысыңыз және сыйлықтар ұтып алыңыз!

Толығырақ Алматы облысы бойынша МКД-нің сайтында- www.kgd.gov.kz

Акция шарттары бойынш сұрақтар- 8(72839)2-18-46

Техникалық мәселелер бойынша – 7(7172)73-80-63; E-mail: rs@wiponapp.com

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

Сарқан ауданы бойынша МКБ

ӨЕТ ЖКӘ бөлімінің жетекші маманы

Р.Н. Ботпаев

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер