HILL CLIMB (тауға көтерілу) дисциплинасы бойынша “Жетісу Тур-Эндуро-2019” (На пределе ) мотоцикл спортынан Қазақстан Республикасының кубогін   ұйымдастыру және өткізу.

2019 жылы 24 тамызда «Hill CLIMB» (Тауға көтерілу) дисциплинасы бойынша Текелі қаласында “Жетісу Тур-Эндуро-2019”, мотоцикл спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогын өткізу жоспарлануда.

ҚР Кубогының жарысы – мотоциклдер мен квадроциклдерде жолсыздық бойынша жылдамдыққа, уақытқа және төзімділікке шыңдалатын  бір күндік жарыс. Сайыстар бірнеше айналымдардан тұрады, соның ішінде: тауға көтерілу, төмен түсу, кез келген ауа райы жағдайында табиғи және жасанды кедергілерден өту.

Мақсаты мен міндеттері:

– оқиғалы туризмді насихаттау және облыстағы туристік ағымдыұлғайту.

-халықтың күнделікті өміріне мото-туризмді енгізу;

– мото туризммен айналысуға тарту арқылы әуесқойлар арасында мото-туризмді насихаттау;

– бос уақытты өткізу және салауатты өмір салтын насихаттау нысаны ретінде спорттық туризмнің техникалық түрлеріне жастардың назарын аудару.

Ұйымдастырушылар

«Жетісу-Тур-Эндуро» мотоцикл жарысы Алматы облысының туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Жарысты тікелей өткізу “ADVENTURE LIVE” қоғамдық бірлестігіне жүктеледі, жауапты тұлға: Артющенко А. Н.

Өткізілу кестесі

8.00-9.00 қатысушыларды старт орнында Жинау

9.00 -10.00 Медициналық және техникалық комиссиядан өту

10.00-10.30 ресми жаттығу

10.45-11.30 жарыстың ашылуы

12.00-16.30 ресми кіру

16.30-18.00 нәтижелерді бекіту, қатысушыларды марапаттау

 

Тіркелу және жарысқа қатысу туралы бойынша байланыс телефондары:

 

Артющенко Александр (“ADVENTURE LIVE»)

+7(705) 448 80 88

 

Мырзағұлов Рауан (туризм басқармасы)

+7 (707) 437 88 91

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер