Құрметті аудан тұрғындары мен ауданымыздың қонақтары!!!

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында туындайтын институционалдық реформалар бес негізгі басымдықтарының 94,96-қадамын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу» заңына сәйкес «Ашық үкімет», «Электрондық үкімет», «Ашық бюджет» портал тұжырымдамасы енгізілуде. «Ашық бюджет» Порталы бірінші кезекте мемлекетте «бюджет» түсінігі туралы азаматтарға ұғынымды жеңілдету және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позицияның дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды. Соның ішінде, Азаматтық бюджет. Бұл азаматтар үшін түсінікті ел бюджетінің танымал сипаттамасы. Осы мақсатта, Ашық бюджеттер порталында  аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, бекіту және нақтылау ,атқарылу сатысын жариялау жүргізілуде, осылай,  адамдарға бюджет қаражатының кірістері мен шығыстары процесіне өзгерістер енгізілгенін көруге мүмкіндік береді. Толығырақ, ақпаратты электронды үкімет budget.egov.kz/ сайтына, сілтеме  бойынша өтіп, Сіз жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінген қаражат туралы толық ақпарат көре аласыздар, сонымен қатар, өз пікірлеріңізді қалдыра аласыздар. Құрметті Азаматтар, осыған орай, сіздерден өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызды сұраймыз! Сіздің пікіріңіздің маңызы зор!

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер