Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары!

Алдағы 2019-2020 жж. жылыту маусымына дайындық шараларын жүргізу аясында, күз айларында жылу беру кәсіпорындарына көмірді жеткізу жұмыстары атқарылады, ол коммуналды-тұрмыстық көмірді тасымалдаушы вагондар санының қысқаруына әкеп соғады.

Осыған орай, жылыту маусымында көмірдің жетіспеушілігін және әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында, Сарқан ауданы әкімдігі қатты отынның қажетті мөлшерін көмір тұйықтары мен қоймаларынан алдын-ала жаз уақытында сатып алу керектігін ескертеді.

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер