Құрметті жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, ЖШС, кәсіпорындарының басшылары және  аудан тұрғындары!!!

2019 жылғы 27 шілде күні сағ.9:00 де Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен басталған «Birge-Taza Qazagstan» экологиялық акциясы еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өткізіледі.Осыған орай аталған іс-шараға Сарқан ауданы әкімдігі сенбілік ұйымдастырады. Экологиялық сенбілік аясында өзендердің арнасы, туристік маршруттар, далалы аймақ пен табиғи орындар, демалыс орындары тазаланады. Экологиялық акциясы ауданымыздың тазалығына, Қазақстанның экологиялық мәдениетінің дамуына  септігін тигізеді.

Акцияға қатысуға Сарқан ауданының тұрғындарын шақырамыз!

         

Тазалық орны:            

1.Сарқан өзенінің жағалауы

2.Балхаш көлінің жағалауы

3.Лепсі өзеніңнің жағалауы

4.Теректі өзеніңнің бойы

5.Барлық демалыс орындары

6.Бұлақ көздерін ашу

(Туындаған сұрақтар бойынша әр ауылдық округ әкімдеріне хабарласыңыздар, Сарқан қаласы бойынша 87754870978 хабарласыңыздар)

                                                                                                               Аудан әкімдігі

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер