«Сарқан ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Сіздерге 2019 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дизель отынын сатып алып жеткізуші оператор болып «Қарамай Продактс» ЖШС анықталғанын хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарына таратылатын дизель отынының бағасы ағымдағы жылдың наурыз айына 1 литрына 175 теңгені құрайды.

Оператормен Ресурс ұстаушы компаниялар арасында өзара келісім жұмыстары жүргізілуіне байланысты дизель отынын тарату наурыз айының 15 –нен басталады.

Дизель отынын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Сарқан ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жөнелтуге рұқсат қағазды алулары қажет (Qoldau KZ арқылы жүргізу бағдарламасы тоқтатылды).

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер