Тұрғындар назарына!

Әлемдік бағалар мен экспорт көлемінің өсуі аясында республика бойынша астық бағасының көтерілуі себебінен нан өнімдерінің бағасы өскені байқалады.
Сол себепті, аудан әкімдігі аудандағы наубайхана басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында наубайхана басшыларының айтуы бойынша, бидай бағасының қымбаттауы себебінен 50 килограммдық 1 қап ұн 1000 теңгеге көтерілген. Ұнның өзі басқа аймақтан алып келінеді. Сонымен қатар, көлік қызметтері, электр қуаты, коммуналдық шығындары және қол астындағы қызметкерлердің еңбекақысы көтерілуі, өз кезегінде нан бағасының өзгеруіне әсер еткенін жеткізді.


Сарқан ауданы бойынша жоғарғы сұрыпты ұннан жасалған 1 бөлке нанның бағасы дүкендерде 100 теңгеден сатылуда.
Бірақ, бірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нанның 1 бөлкесі 75-80 теңгеден сатылуда.
Сарқан қаласы бойынша күніне дүкендерге 1200-1500 бөлке әлеуметтік нан жеткізіледі.
Дүкендердің тізімі – Алтын дән, Шағын маркет, Даник, Айкүнім, Шахида, Дидар, Әлімгер, Ырыс, Жібек жолы, Сара, Бақытжан, Ольга, Ақниет, Мадина, Бибол, Назым, Ерке, Қайсар, Көктем, Наполеон, Сәттілік, Береке, Думан, Натали.
Сонымен қатар, Шағын маркетте, Сарқан әмбебап базарының 1 және 2-ші сауда сөрелерінде әлеуметтік нан бағасы 70 теңгеден сатылады.
Аптаның әр жұмасы күні жеке кәсіпкер «Дана» 300 бөлке әлеуметтік нанды «Олжа» дүкенінде отбасылық жағдайы төмен азаматтарға тегін таратады.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер