Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру

2015 жылғы 24 қазандағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 64–бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №1089 қаулысына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарлайды. Өтініш берушінің аккредиттелуі үшін мына құжаттар қажет:

  1. Ережеге 1 – қосымшаға сәйкес өтініш;
  2. Салыстыру түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және заңды тұлға ретінде бірлестікті мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырған көшірмесі.
  3. Бірлестік мүшелерінің тізімі;

       Құжаттар «Сарқан аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ Сарқан қ., Тәуелсіздік к-сі 111 үй, 8 бөлме мекенжайы бойынша хабарландыру сағат 9.00-ден 18.30 – ға дейін 2018 жылдың 09 қарашасынан 16 қарашасына дейін кешіктірілмей қабылданады. Анықтамалар үшін телефон 2-14-35.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер